«Біз айтқымыз келеді...»

16.11.2022

2022 жылғы 15 қарашада Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында « Біз айтқымыз келеді...» акциясы өтті. Колледж фойесінде ақпараттық тақтада жедел желінің телефон нөмірлері көрсетілген ақпарат орналастырылған, онда үмітсіздік, дәрменсіздік, ішкі күйзеліс жағдайында кез келген адам «150» қысқа нөміріне қоңырау шалып, барлық мәселелер бойынша мамандардың тегін, тәулік бойы, анонимді білікті көмегін ала алады. Іс-шараның мақсаты білім алушыларды хабардар ету, сондай-ақ отбасындағы және жасөспірімдер ортасындағы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу, қиын өмірлік жағдайға тап болған студенттерге көмек көрсету болып табылады. Әлеуметтік-психологиялық қызмет өкілдері білім алушыларды жеке консультациялар өткізу туралы хабардар етті. Колледждің сенім телефоны мен поштасының нөмірі айтылды.



Текст
Виртуальная приемная